- Жалпы ережелер
- Жекеменшік білім беру мекемесі «Астана Профи» колледжі студентерінің тәртіп ережелері орта кәсіптік білім беру бағдарламаларын іс асыратын білім беру ұйымы іс әрекетінің Типтік Ережелері ҚР «Білім беру заңына» сәйкес ұйымдастырылды.
- Студент Колледж педагогикалық кеңесі бекіткен колледж Жарлығысын және студентке арналған Ережелерді ұстану;
- Оқу жоспары мен ішкі тәртіп ережелерін орындау;
- Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау;
- Қоғамдық мүлікке мұқият болу, тазалық пен тәртіп сақтау;
- Келтірілген материалдық зиянды қайтару (өзі немесе ата – аналары, немесе олардың орнындағы тұлғалар есебінен);
- Педагогтардың негізделген жұмысына бағыну;
- Оқытушылармен, оқушылармен және басқа да ересек адамдармен сыпайы қарым-қатынаста болу;
- Қоғамдық орынның нормасын ұстану;
- Колледж ұжымына жемісті еңбек ету үшін колледжде тәрбие, тәртіп және жайлы жағдай жасау мақсатындастуденттерге қатаң түрде тиым салынады;
- Колледжде сабақтарға қажеті жоқ заттар, спирт ішімдіктерін, темекі өнімдерін, есірткі заттарын әкелуге, таратуға және қолдануға;
- Колледж маңайында және Колледждің ішінде шылым тартуға;
- жарылыс туғызатын және өртке себеп болатын кез келген заттар мен сұйықтықтар;
- қарым-қатынасын реттеу, қорқыту, талап ету мақсатында күш көрсетуге;
- Сабақ уақытында Колледжден немесе Колледж аймағынан педагогтың рұқсатысыз кетуге тиым салынады. Сабақты босатқан жағдайда оқушы сынып жетекшісіне дәрігерден немесе ата – аналарынан қалу себебіне байланысты қолхат әкелуі тиіс. Сабақтан себепсіз қалуға тиым салынады
- Сабақтағы тәртіп
2.1 Оқытушы топқа кіргенде Студент орындарынан тұрын сәлемдесу
рәсімін жасау керек және оқытушы сәлемдескеннен кейін оқытушының рұқсатымен ғана отыруға болады;
2.2 Сабақ уақытында шулап отыруға, өзің және жолдастарыңның басқа әңгімемен көңілің бөлуге болмайды;
2.3 Егер сабақ уақытында студент сыныптан шығу қажеті болса, оқытушыдан рұқсат сұрауы тиіс;
2.4 Егер студент оқытушыға сұрақ қойғысы келсе немесе жауап бергісі келсе, қол көтеру керек;
2.5 Сабақтан қоңырау соғылғаннан кейін, оқытушы сабақ аяқталғанын хабарлаған соң ғана студент сыныптан шығады;
2.6 Студент белгілі бір себептермен сабаққа кешіккен жағдайда есік қағып, кешірім сұрап, оқытушының рұқсатынан соң сабақ барысына кедергі келтірмей орнына отыруға болады;
- 3. Сабақ басталарға дейін, үзілістер кезінде және сабақ аяқталған соңғы тәртіп
3.1 Студент колледжге сабақ басталардан 10 – 15 минут бұрын келеді, сырт киімін киім шешетін бөлмеде шешіп, жұмыс орнына келіп сабаққа қажетті оқу құралдарын әзірлейді;
3.2 Сабақтар арасында (үзілістер) және сабақ аяқталған соң студент өз жұмыс орнын ретке келтіруі тиіс;
3.3 студентке тиым салынады:
- басқышпен, ашық терезелер алдында және басқа да ойынға арналмаған жерлерде жүгіруге;
- бірін -бірі итеру, заттарды лақтыру және күш көрсетуге;
- дөрекі сөйлеуге, шулауға және басқаларға демалуға кедергі жасауға;
3.4 топтағы кезекші:
- топтағы тәртіпке жауапты;
- оқытушыға сыныпта тазалап жинастыру;
3.5 Асханадағы студент:
- оқытушылар мен асхана қызметкерлерінің талаптарына бағынады;
- ыстық және сұйық тамақ алғанда, ішкенде сақ болу;
- тамақ ішкен соң үстелді жинау;
- Студенттердің сыртқы киімі:
4.1 Эстетикалық және санитарлық нормаларды сақтау мақсатында Колледж оқушылары киім үлгісінде іскерлік стиль ұстануы тиіс. (еркін тігілген).
4.2 Тиым салынатын киім үлгілері:
- дене шынықтырудан басқа уақытта спорт киімдері:
- кешкі және дискотекаға арналған киімдер;
- Қорытынды ережелер
5.1. Студент Колледж аумағында болған кезде және колледжішілік іс – шаралар өткізу кезінде өзінің және басқалардың өміріне қауіп төндіретіп іс - әрекет жасауға құқылы емес;
5.2. Аталған ережелер мен Колледж Жарғысын бұзған студент жауапқа тартылады.