Қабыдау ережесі

Қабылдау ережелері

«Астана Профи» қалалық шаруашылық колледжіне оқуға қабылдау ережесі

2022- 2023 оқу жылына оқуға

2022-2023 оқу жылына колледжге құжатты тапсыру бейне-ролигі 

2022-2023 оқу жылына оқуға қабылдау ережелері


ЕСКЕРТУ!

Нұр-Сұлтан қаласы «Астана Профи» қалалық шаруашылық колледжі мекемесінің 2022-2023 оқу жылына оқуға қабылдау қағидаларындағы №3 тармақта көрсетілген колледжге оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының келесі мөлшері бекітілді:

📣2022 жылғы квоталар мөлшері:
🔹жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – 1%;
🔹I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1%;
🔹жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5%;
🔹ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ түсушілерге (қандастар) – 4%;
🔹кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы түсушілер үшін – 5%;
🔹кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1%;
🔹бала кезінен мүгедек балаларды, І, ІІ топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 1%.
🏢Жеңілдіктері бар оқуға түсушілер керек анықтамаларды құзыретті органдардан алады.
🔹Ауыл квотасы – 35%.
❗️МАҢЫЗДЫ: Ауыл квотасы үшін анықтама алудың қажеті жоқ. Егер Сіз ауылдық жерде орналасқан мектепті бітірсеңіз, ақпарат базада болады.