«Тіл және Рәміз - Тәуелсіздік жаршысы» тақырыбына конференция

Жаналықтар

Колледж студенттері «Тәуелсіздік сарайында» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай «Тілдерді дамыту және архив ісі» басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тіл және Рәміз - Тәуелсіздік жаршысы» тақырыбында конференцияға қатысты. Конференцияда сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Жандарбек Мәлібекұлы бастаған тарихшылар баяндама жасады.
Конференияның мақсаты: жастарды Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихымен таныстыру. Көк тудың биікте мәңгілік желбіреуі үшін, ана тіліміздің мәртебесі де биік тұру керектігін түсіндіру. Көпшілікті Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ана тілімізді қастерлеуге шақыру. Ұлттық рухты ояту.
Қоғам қайраткерлері жастарды Егеменді еліміздің болашағын көркейтуге ат салысуға шақыру.

https://www.instagram.com/p/CeS5KzgNHTb/?utm_source=ig_web_copy_linkм