Колледж директорына партиялық билет

Жаналықтар

Колледж директоры, "Астана Профи" бастауыш партия ұйымының төрағасы, "Сарыарқа" ауданы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Саят Нұрғалымовқа @nurgalym_sayat партиялық билеті табысталды.

"AMANAT" партиясы Сарыарқа аудандық филиалының атқарушы хатшысы Бағлан Әлімғазина @alimgazinabaglan БПҰ жұмысының тиімділігін атап өтіп, бірлескен партиялық жобаларды, сондай-ақ басқа да маңызды, уақтылы және игі істерді жүзеге асыруда табыс тіледі.

Осыған байланысты, колледжде 2017 жылдан бастап партияның жастар қанатымен бірлескен меморандум жұмыс істейді, оның негізінде жыл сайын Колледж "көп балалы отбасылар"санатынан 10 талапкер-белсенділерді қабылдайды.